18.04.2025ж. № 118
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылдың 11 мамырында Алмагуль Кайдаровна Мусинаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0001182 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы А.К. Мусинаның, Алматы облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің ұсынысы, 28.02.2025 жылғы №12-5-3/627-И Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің бұзуға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысы.
Төраға м.а. Ш. Бекенова