Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

11.04.2025ж. № 113  

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Серик Амантаевич Амантаевтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2024 жылғы 23 мамырда берілген № 24019172 мемлекеттік лицензиясының қолданысы бір ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Абай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.А. Амантаевтың назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 14.03.2025ж. № -1/9598-вн ұсынысы.

 

Төраға                                                                      В. Калимова

Дата публикации
11 апреля 2025