Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

08.04.2025ж. № 107 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылдың 12 ақпанында Шухрат Сетимматович Курбанбаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 21000889 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті Ш.С. Курбанбаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Шымкент қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 27 наурыздағы № -1/10696-вн ұсынысы, 2025 жылғы 12 ақпандағы № 20-785-25-0000114 қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 Төраға                                                                    В. Калимова

Дата публикации
08 апреля 2025