Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

04.04.2025ж. № 100 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылғы 18 сәуірде Рашид Фатович Ефизовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген №0004339 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Р.Ф. Ефизовтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қарағанды облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: 2024 ж. 22 қарашадағы Қарағанды қаласының Қазыбекби аудандық сотының №3511-24-00-1/388 үкімі және Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2025ж. 5 наурыздағы №-0401/495-ВН ұсынысы.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

Дата публикации
08 апреля 2025