07.04.2025ж .№ 101
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Зарина Сарсенбаевна Есмагуловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 31 қаңтарда берілген № 14001003 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап қайта басталсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус З.С. Есмагулованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 2025 жылғы 02 сәуірдегі №-1/11590-вн ұсынысы, 2025 жылғы 28 наруыздағы №1 жекеше нотариусы З.С.Есмагулованың өтініші.
Төраға В. Калимова