28.03.2025ж. № 91
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және Заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 5-тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы 20 қазанда Серик Хусеинович Достыгалиевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 20016047 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше адвокат
C.Х. Достыгалиевтің назарына жеткізсін.
3.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: адвокат C.Х. Достыгалиевтің 2025 жылғы 4 наурыздағы № ЖТ-2025-00733371 өтініші.
Төраға В. Калимова