Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

11.03.2025ж. № 81 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылдың 26 сәуірдегі Нуржан Жанатович Рахметовке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 22007931 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2027 жылғы 3 ақпанға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Н.Ж. Рахметовтің, Астана қаласы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 Негізі: Астана қаласы адвокаттар алқасының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 129/25-И ұсынысы, адвокат Н.Ж. Рахметовтің өтініші.

 

 Төраға                                                                  В. Калимова

Дата публикации
26 марта 2025