Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

 19.03.2025ж. № 87

 Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылғы 26 маусымда Гульжан Абсалыковна Кенжетаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18012655 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Г.А. Кенжетаеваның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 12 наурызындағы № 1-1/9252-вн ұсынысы, нотариус Г.А. Кенжетаеваның 2025 жылғы 6 наурыздағы өтініші.

 

Төраға                                                                      В. Калимова

Дата публикации
20 марта 2025