07.03.2025ж. № 79
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылдың 26 қазанында Серик Джапсарбаевич Доспанбетовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 17018346 мемлекеттік лицензиясының қолданысы сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Жамбыл облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат С.Д. Доспанбетовтың,
Жамбыл облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 01-1/5208-вн ұсынысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы
7 қаңтардағы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы.
Төраға В. Калимова