Заң консультанты

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес уәкілетті орган заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізеді.

Заң консультанты жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға болып табылады.

Заң консультанты жеке кәсіпкерлік түріндегі жеке практикамен айналыса отырып не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде заң көмегін дербес көрсете алады.

Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт негізінде ақылы түрде көрсетілетін заң көмегі өтеулі негізде заң көмегі деп танылады.

Уәкілетті орган заң консультанттары палаталарының Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарын, кәсіптік әдеп кодексін орындауын заң көмегін көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асырады.

Заң консультанттары палаталарының қызметіне заң көмегін көрсету саласындағы бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне бару арқылы жоспардан тыс тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Адвокаттың іс-әрекеттерімен құқықтар мен заңды мүдделер бұзылған жағдайда, адам заң консультанты мүше болып табылатын заң консультанттары палатасына тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы.

Дата публикации
06 марта 2025