Нотариат

Қазақстан Республикасындағы Нотариат-нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.

Нотариаттың негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариаттық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.

Нотариаттың негізгі міндеті нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету болып табылады.

Жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және егер заңда өзгеше көзделмесе, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылауды аумақтық әділет органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Нотариустың әрекеттерімен заңды құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда адам тиісті өтінішпен нотариаттық аумақтық әділет органына немесе нотариус мүше болып табылатын палатаға жүгінуге құқылы.

Дата публикации
06 марта 2025