Адвокатура

Қазақстан Республикасындағы Адвокатура мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және заң көмегін алуға құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.

Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт негізінде ақылы түрде көрсетілетін заң көмегі өтеулі негізде заң көмегі деп танылады.

Адвокаттың іс-әрекеттерімен құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, адам адвокат мүше болып табылатын адвокаттар алқасына тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы.

Дата публикации
06 марта 2025