Лицензияның күшiн тоқтату туралы

06.03.2025ж. № 78 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Шолпан Булатовна Сапаргалиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 14 қазанда берілген № 0000234 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Шымкент қаласы Әділет департаментіне:

1) жекеше нотариус Ш.Б.Сапаргалиеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ш.Б.Сапаргалиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 03 наурыздағы №-1/8049-вн ұсынысы, 2025 жылғы 18 ақпандағы  № 20-785-25-0000167 қайтыс болу туралы акт жазба.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

Дата публикации
06 марта 2025