Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 04.03.2025ж. № 76

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асхат Жумаханович Раимкуловқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 10 ақпанда берілген № 14001559 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 01 наурызына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Ж.Раимкуловтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Ж.Раимкуловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 21 ақпандағы  №  01-1/6884-вн ұсынысы, жекеше нотариус А.Ж.Раимкуловтың арызы.

 

Төраға                                                              В. Калимова

Дата публикации
04 марта 2025