Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіздер болып табылады.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі.
Қызметті ұсыну тәсілдері: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «Электрондық үкімет» веб-порталы.
Қызмет құны: Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 7 728 тг.
Соттың шешімі негізінде хабар-ошарсыз кетті деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен – 386 тг.
Қызмет көрсету мерзімі: Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі. Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғысы келетін ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін белгіленген күні жеке басын куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға деректерді АХАЖ АЖ-не өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) ай өткеннен кейін ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен енгізеді.
Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.
Қажетті құжаттар тізімі: