Баланың тууын тіркеу

«Бала тууды мемлекеттік тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға, әке (ана) болуды анықтауға, ұл (қыз) баланы асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу»

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.

Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу ата-анасының не олардың бiреуiнiң қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тiркеушi органда жүргiзіледi.

Егер ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшпен бір мезгілде әке болуды анықтау туралы өтiнiш берiледi.

Қызметті ұсыну тәсілдері: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «Электрондық үкімет» веб-порталы.

Қызмет құны: тууды мемлекеттік тіркеу - тегін

Азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын, әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн – 0,5 АЕК

Шетел азаматтарының бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшiн – 2 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі: Қызметті берушіге немесе Орталыққа – 2 жұмыс күні.

Әке болуды анықтау немесе ұл (қыз) асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізу - 1 жұмыс күні.

Азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 жұмыс күні.

АХАЖ АЖ-де акт жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды).

Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • туу туралы өтініш.
  • ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  • Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда).
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.

Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады.

Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

Дата публикации
04 марта 2025