Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу

Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер кез келген тіркеуші органға жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде неке қию туралы өтініш береді.

Неке (ерлі-зайыптылықты) қию туралы өтінішті әрбір өтініш беруші өз қолымен жазбаша түрде толтырады немесе портал арқылы өтініш берген кезде электрондық түрде некеге тұратын адамдар электрондық – цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қояды.

Некеге тұруға ниет білдірген адамдар неке (ерлі-зайыптықты) болуды тіркеудің белгіленген күні жеке басты куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет.

Қызметті ұсыну тәсілдері: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «Электрондық үкімет» веб-порталы.

Қызмет құны:  3864 тг.

Қызмет көрсету мерзімі: Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні жүргізеді.

Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша, тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.

Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Қажетті  құжаттар тізімі:

  1. өтініш;
  2. жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін төлемді растайтын құжат немесе Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес төлемнен босату үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда).

Бұрын тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) болған адамдар тіркеуші органға оның тоқтатылғаны туралы белгісі бар алдыңғы неке туралы (тіркелген күні мен орны) мәліметтерді ұсынады.

Дата публикации
04 марта 2025