Апостиль – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.
Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын алып тастайтын Гаага конвенциясына қатысушы елдердегі қазақстандық құжаттарды шетелде тану үшін апостиль мөртабаны қажет (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан).
Қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері көрсетеді.
Өтініштер
Мемлекеттік қызметі көрсету мерзімдері:
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап,
мемлекеттік корпорацияда - 2 жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
порталда - құжаттарды апостильдеу күнін, уақытын тағайындау туралы хабарлама алу - 1 (бір) жұмыс күні. Портал арқылы өтініш түскен кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі мемлекеттік баж 0,5 АЕК мөлшерінде алынады.
Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, апостиль қоюға жататын құжаттар - мемлекеттік корпорацияның кез келген филиалында экстерриториалдық қағидаты бойынша (құжатты беру орнына қарамастан) жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қоюға жататын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі (жеке тұлға) жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Заңды тұлға атынан өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның басшысының немесе құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге де тұлғаның қолы қойылған және осы ұйымның мөрімен (бар болса) расталған сенімхат. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген сенімхаттар арнайы куәлік (заңдастыру не апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (көшірмесімен сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда қосымша растайтын құжаттар қоса беріледі, сондай-ақ мұрагерлер жүгінген кезде қайтыс болған адаммен туыстық растайтын құжаттар ұсынылады.