Азаматтық Кодекстің 118-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуы осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда (бұдан әрі-Заң) көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуге жатады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ уәкілетті органдар мен ұйымдар берген құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, оның ішінде жалдау құқығы жатады.
Өз кезегінде, Заңның 8-бабының 4) тармақшасында бір жылдан кем емес мерзімге басқа біреудің жылжымайтын мүлкін пайдалану құқығы, оның ішінде жалға алу құқығы міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтыны белгіленген.
Осылайша, бір жылға немесе одан да көп жылға жасалған жалдау шарты мемлекеттік тіркеуге жатады.
Заңның 21-бабына сәйкес құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші өтінішті және тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс. Жер учаскесіне құқық тіркелген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжат ұсынылады.
Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) шарт немесе өзге мәміле негізінде оларды нотариаттық куәландыру болмаған кезде туындаған жағдайларда, белгіленген тәртіппен өтінішті мәміленің барлық қатысушылары беруге тиіс.