Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар

«Жылжымаитын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңға сәикес жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:

1) меншік құқығы;

2) шаруашылық жүргізу құқығы;

3) оралымды басқару құқығы;

4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;

5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.

Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.

Қажетті құжаттардың тәртібі мен тізбесі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерімен белгіленген.

Дата публикации
04 марта 2025