Қорларды мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Қорларды құру тәртібі «Қайырымдылық туралы» Заңымен және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен (бұдан әрі-Заң) реттеледі.
Заңның 12-бабына сәйкес азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
Заңның 13-бабына сәйкес құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк қорлар құрылуы мүмкiн.
1) жеке қор – бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың - бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрылады;
2) корпоративтiк қор – бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрылады;
3) қоғамдық қор – бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалар - қоғамдық бiрлестiктермен құрылады. Қоғамдық қордың мүлкi заңды тұлғалардан - қоғамдық бiрлестiктер мен жеке тұлғалардан бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен құралады;
4) мемлекеттiк қор – МО-ның шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген, қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор болып табылады.
Қорды мемлекеттік тіркеу үшін келесі құжаттар тізбесін:
- жарғы;
- құрылтай шарты (құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде);
- жарғыны бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
- атқарушы органды тағайындау туралы алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсына отырып, орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекетік корпорациясы» КЕАҚ филиалына жүгіну қажет.