Қазақстанда қоғамдық бірлестікті тіркеу тәртібі

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Бірлестік Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша кемінде 3 адамнан құрылады.

Қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары, саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктер да болуы мүмкін.

Республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктерді тіркеу Әділет министрлігімен жүзеге асырылады.

Жергілікті қоғамдық бірлестіктерді тіркеу Әділет департаменттерімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады (11 филиал/өкілдіктер).

Қазақстан Республикасының облыстардың жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер аймақтық қоғамдық бірлестіктерге жатады (2 және одан көп филиалдар/ өкілдіктер).

Қазақстан Республикасының бір облыс, шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жергілікті қоғамдық бірлестіктерге жатады (мәртебені растау талап етілмейді).

Тіркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейін республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктер филиалдарды (өкілдіктер) тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері Әділет министрлігіне ұсынуға міндетті.

Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тәртібі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 6-бабымен және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету ережесімен көзделеді.

Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

- өтініш;

- құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғы;

- съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференцияның, жиналыстың) хаттамасы;

- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызметтік телефондар, жеке қолы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі;

- қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат;

- мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат (6,5 АЕК х3932=25558 теңге).

Қоғамдық бірлестікті тіркеуге құжаттар, тіркеуші органға «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ филиалдары арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні.

Дата публикации
04 марта 2025