Заңды тұлға басшысының өзгергені туралы мәліметтер «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 14-2-бабына сәйкес электрондық үкімет порталы арқылы автоматты режимде еңгізіледі.
Заңды тұлғаның басшысын өзгерту үшін:
Кворумға, дербес деректердің деректерін жинауға және өңдеуге, еңгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілікке қатысты құсбелгілерді белгілеу қажет.
Содан «Әрі қарай» батырмасын басып, заңды тұлғаның ЭЦК арқылы өтінімге қол қойыңыз.
Хабарлама жалпы жиналыстың төрағасымен және хатшысымен олардың ЭЦК арқылы келісіледі.
Маңызды! Басшының өзгеруі жоғарыда көрсетілген Заңның бабына сәйкес мемлекеттік қызмет емес және тек хабарлама сипатында болады. Бұл қызмет тіркеуші органның катысуынсыз көрсетілетінін ескере отырып, өзгерістер еңгізу жөніндегі жауакершілік толығымен заңды тұлғаның өзіне жүктеледі.