Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

28.02.2025ж. № 74  

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10-бабының 2-тармағының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Канат Галиаскарович Мурзабековке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы
7 қыркүйекте берілген № 0003091 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.Г. Мурзабековтің назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.Г. Мурзабековтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 1-1/3859-вн ұсынысы.

 

Төраға                                                                       В.Калимова

Дата публикации
03 марта 2025