Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

27.02.2025ж. № 72 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Канатовна Есоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы 07 қыркүйекте берілген № 17015563 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Д.К.Есованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін

4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 1-1/7229-вн ұсынысы, жекеше нотариус Д.К.Есованың арызы.

 

Төраға                                                                      В. Калимова

Дата публикации
28 февраля 2025