Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

27.02.2025ж. № 73

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алмагуль Сатымгалиевна Кабделоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2009 жылғы 29 маусымда берілген № 0002623 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Кабделованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 ақпанындағы №2а-1405 қаулысы.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2025