Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 27.02.2025ж. № 70

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гулджан Измухановна Ниязимбетоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2006 жылғы 20 қыркүйекте берілген № 0000611 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 05 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Маңғыстау облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.И.Ниязимбетованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.И.Ниязимбетованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 01-1/7196-вн ұсынысы, жекеше нотариус Г.И.Ниязимбетованың арызы.

 

Төраға                                                                     В. Калимова

Дата публикации
27 февраля 2025