Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

27.02.2025ж. № 69

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Искабул Ислямович Жубановқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0001377 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат И.И. Жубановтың,
Алматы қалалық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 1-41 өтінішхаты, адвокат И.И. Жубановтың өтініші.

 

 Төраға                                                                   В. Калимова

 

Дата публикации
27 февраля 2025