Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 67 от 26.02.2025г.

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылдың 28 қазанында Серик Хусеинович Достыгалиевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 20016047 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат С.Х. Достыгалиевтің, Астана қаласы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 Негізі: Астана қаласы адвокаттар алқасының 2025 жылғы 3 ақпандағы № 49/25-И ұсынысы, адвокат С.Х. Достыгалиевтің өтініші.

 

 Төраға                                                                 В. Калимова

Дата публикации
26 февраля 2025