25.02.2025ж. № 65
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ганимурат Тасмуратович Тастемировке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 01 сәуірінде берілген № 22006088 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Түркістан облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Т.Тастемировтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Г.Т.Тастемировтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Т.Тастемировтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 05 ақпандағы № -1/4731-вн ұсынысы, Түркістан облысы Келес аудандық сотының 2024 жылғы
01 қазандағы шешімі, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 қаңтардағы қаулысы.
Төраға В.Калимова