Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

25.02.2025ж. № 64

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылдың 13 ақпанында Жумабай Мухамеджанұлы Мухамеджанға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000518 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 9 сәуірге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Ж.М. Мухамеджанның, Астана қаласы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 Негізі: Астана қаласы адвокаттар алқасының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 791/24 ұсынысы, адвокат Ж.М. Мухамеджанның өтініші.

 

 Төраға                                                                     В. Калимова 

 

Дата публикации
26 февраля 2025