Лицензияның күшiн тоқтату туралы

24.02.2025ж. № 63 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Елена Владимировна Шуткинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылғы 10 тамызда берілген № 0000099 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Жамбыл облысының Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус Е.В.Шуткинаның мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.В.Шуткинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 20 ақпандағы № 03-1/6673-вн ұсынысы, 2025 жылғы 13 қаңтардағы  № 20-872-25-0000107 қайтыс болу туралы акт жазба.

 

 Төраға                                                                      В. Калимова

 

Дата публикации
26 февраля 2025