20.02.2025ж. № 60
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылдың 8 шілдесінде Зауре Каратаевна Адамбаеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 16010976 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 1 ақпанына дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
2. Жамбыл облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы З.К. Адамбаеваның, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 07.02.2025 жылғы ұсынысы, 31.01.2025 жылғы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы президиумының отырыс хаттамасынан үзіндісі.
Төраға В. Калимова