Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

20.02.2025ж. № 59 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульжузим Урунбаевна Сисимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 19 қаңтарда берілген № 22000669 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 03 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Маңғыстау облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.У.Сисимбаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.У.Сисимбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 01-1/6603-вн ұсынысы, жекеше нотариус Г.У.Сисимбаеваның арызы.

 Төраға                                                                    В. Калимова

Дата публикации
21 февраля 2025