Лицензияның күшiн тоқтату туралы

20.02.2025ж. № 58

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Инга Алибабаевна Канапьяноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы 11 мамырда берілген № 2301075 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус И.А. Канапьянованың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус И.А. Канапьянованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус И.А. Канапьянованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 6 қарашадағы шешімі және Шығыс Қазақстан облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы.

 

Төраға                                                                      В. Калимова

Дата публикации
21 февраля 2025