13.02.2025ж. № 46
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Бадран Мурзабаевич Калиевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылғы 03 мамырда берілген № 0000463 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Абай облысының Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус Б.М.Калиевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.М.Калиевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № -1/3780-вн ұсынысы, 2025 жылғы 25 қаңтардағы № 20-913-250000201 қайтыс болу туралы акт жазба.
Төраға В. Калимова