Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

30.01.2025ж. № 36 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мурад Даудович Балхаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы
26 қазанда берілген № 17018362, мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Д.Балхаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Д.Балхаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Д.Б.Кусаиновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № -0401/157-вн ұсынысы, Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы ұйғарымы.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

  

Дата публикации
31 января 2025