Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

30.01.2025ж. № 35

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Максат Ерболатович Темирхановтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2024 жылғы 29 мамырында берілген № 24019874, мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылдың 22 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Е. Темирхановтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Е. Темирхановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 1-1/2850-вн  ұсынысы, жекеше нотариус М.Е. Темирхановтың арызы.

 

Төраға                                                                      В. Калимова 

 

Дата публикации
31 января 2025