Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 30.01.2025ж. № 34

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Наталья Валентиновна Ковалеваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылғы 9 желтоқсанда берілген № 0002039, мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 1 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Абай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.В. Ковалеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.В. Ковалеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы № -1/2161-вн  ұсынысы, жекеше нотариус Н.В. Ковалеваның арызы.

 

Төраға                                                              В. Калимова

 

Дата публикации
31 января 2025