Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

28.01.2025ж. № 30 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылдың 18 мамырында Жанбота Сергазынович Байдильдиннің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 22009231 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2025 жылғы 27 шілдесіне дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Ұлытау облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат Ж.С. Байдильдиннің, Ұлытау облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Ұлытау облысының әділет департаментінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № -016/021-вн хаты, адвокат Ж.С. Байдильдиннің өтініші.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

Дата публикации
29 января 2025