Лицензияның күшiн тоқтату туралы

27.01.2025ж. № 26 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Касым Аккалишевич Усеновтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 25 қыркүйекте берілген № 13014920 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус К.А. Усеновтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.А. Усеновтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 09.01.2025 жылғы № 1-1/1041-вн ұсынысы, қайтыс болу туралы жазба 02.01.2025 жылғы  № 20-770-25-0000004.

 

Төраға                                                                    В. Калимова

Дата публикации
29 января 2025