Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

27.01.2025ж. № 22

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 4-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 28 қазанында Сарсен Мусаевич Бековке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 19021428 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Маңғыстау облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы С.М. Бековтің, Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 25.12.2024 ж. № 01-1/51941-вн ұсынысы, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 04.10.2024 ж. №  4711-24-00-2/3872 шешімі, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 10.12.2024 ж. № 4799-24-00-2а/1116 қаулысы.

 

 Төраға                                                                      В. Калимова

Дата публикации
28 января 2025