22.01.2025 ж. № 20
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылы 26 кыркүйекте Раъно Еркиновна Абдуразаковаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген №18017745 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты Р.Е. Абдуразакованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Шымкент қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5.Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: 2024 ж. 25 желтоқсанда Шымкент қаласы Әділет департаментінің №-1/51930-вн хаты.
Төраға В. Калимова