17.01.2025 ж. № 17
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың 10 желтоқсанында Гульсим Балмахамбетовна Бактыбаеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0004080 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Жамбыл облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Г.Б. Бактыбаеваның,
Жамбыл облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 01-1/292-вн ұсынысы, адвокат Г.Б. Бактыбаеваның өтініші.
Төраға В. Калимова