16.01.2025ж. № 16
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылдың 3 шілдесінде Джанибек Куанышевич Рыспаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 21021897 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Д.К. Рыспаевтың, Ақмола облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 18.12.2024ж. № -1/50897-вн ұсынысы.
Төраға В. Калимова