Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

16.01.2025ж. № 14

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Сакыш Куанышовна Кудышеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылы 5 наурызда берілген № 13003291 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы
12 желтоқсанға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус C.К. Кудышеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус C.К. Кудышеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 1-1/51646-вн ұсынысы, нотариус 2024 жылғы 12 желтоқсандағы өтініші.   

  

Төраға                                                                      В. Калимова

 

Дата публикации
17 января 2025