14.01.2025ж. № 12
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына және 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айгерим Муратовна Айкешеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 22 сәуірде берілген № 0001392 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылғы
1 қаңтарына дейінгі мерзімге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты А.М. Айкешеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М. Айкешеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 13.01.2025 жылғы № 1-1/1470-вн ұсынысы, А.М. Айкешеваның 06.01.2025 жылғы № ЖТ-2025-00029531 арызы.
Төраға В. Калимова