Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

13.01.2025ж. № 11 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асель Куандыковна Майкенованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2019 жылғы 29 шілдеде берілген № 19015968 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2030 жылдың 13 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.К. Майкенованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.К. Майкенованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № -1/52165-вн  ұсынысы, жекеше нотариус А.К. Майкенованың арызы.

 

Төраға                                                              В. Калимова

 

Дата публикации
15 января 2025