Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

13.01.2025ж. № 10

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гаухар Жумагатовна Шаймерденоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылдың 12 қыркүйекте берілген № 0001619 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1)  Астана қаласының  нотариаттық палатасына хабарлау;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Ж. Шаймерденованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру;

3) жекеше нотариус Г.Ж. Шаймерденованың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылдың 06 қаңтардағы №1-1/480-вн ұсынысы және 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №20-888-24-0000164 қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 

Төраға                                                          В. Калимова

 

Дата публикации
14 января 2025