08.01.2025 ж. № 3
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылғы 3 қазанда Камшат Абдигаппаровна Ибраимоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12012980 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус К.А. Ибраимованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 5-1/52104-вн ұсынысы, жекеше нотариус К.А. Ибраимованың арызы.
Төраға В. Калимова